Ұлытау облысы·9 ай бұрын

2026 жылы Жезқазғанда бірқатар көше жолдары жөнделеді

Ағымдағы жылы ұзындығы 5 шақырымға жуық 7 көшедегі жолдарды орташа жөндеу жоспарланған

, деп хабарлайды Жезқазған әкімдігінің баспасөз қызметі.

Атап айтқанда:

  • Холмецкий көшесі Пушкин көшесінен Тимирязев көшесіне дейін;
  • Пушкин көшесі Сәтбаев көшесінен Садовое айналма көшесіне дейін;
  • Алашахан даңғылы Байқоңыров көшесінен айналма жолға дейін;
  • Есенберлин көшесі Жалел көшесінен Шығыс айналма жолына дейін;
  • Қаражар көшесі Сәтбаев көшесінен МАИ ғимаратына дейін;
  • Бөгенбай батыр шағынауданының көшелері (Заводская, Щорс, Водопроводная, Шолохов, Иманжанов, Майқұтов, Шинтуринов);
  • Шығыс айналма жолы айналма жолдан Тимирязев көшесіне дейін

Сондай-ақ, 
- №1, 10, 15, 19, 26, 29 және 61-орамда жөндеу жұмыстарын жүргізу жоспарланған;
- № 1-5 шағын аудандарының жолдары жөнделеді.

Айта кетері, Бөгенбай батыр шағын ауданында орташа жөндеу жұмыстары өткізілетіні туралы өткен жылдың ақпан айында хабарланған болатын.

Бөлісу

Қате таптыңыз ба немесе көбірек білесіз бе?

Пікірлер 0