"Мені адамдар, олардың өмір жолы мен жетістіктері ынталандырады".
Шэньчжэньдегі жетекші IT мамандарының бірі Серік Медеттің сәттілік тарихы мен Жезқазған жайлы естеліктері.
Серік өзінің білім алу жолын №1 орта мектептен бастады.
"Мен 9-кварталда тұрдым. Мектеп үйден алыс еді. Күн сайын таңертең "үшінші" нөмірлі автобусты күтіп тұрғаным есімде. Жол жүру құны 7 теңге болатын. Ата-анам барып қайтуға 15 теңге беретін. Кондукторға 10 теңге бересің де, мектептен кейін үйге жету үшін менің аялдамама дейін ол 3 теңге таба ма деп қорқып отырасын. Ұсақ-түйек күлкілі естеліктер".
Мектептен кейін Серік ҚаТУ-ға оқуға түсіп, магистратураны Бейжің технологиялық институтында оқуға шешім қабылдады. Онда оқуға ол екі жылға толық грант алды. Ол қытай тілін жақсы меңгерген.
"Менің анам тәрбие бөлімінің меңгерушісі болып жұмыс істейді, әкем - зейнетке шыққан майор. Қарапайым отбасымыз. Әкем де, анам да өмірімізге ешқашан араласпайтын, ештеңеге тыйым салмайтын. Белгілі бір уақытқа дейін міндетті түрде үйге қайту керек емес еді. Бостандық болды, бірақ онымен бірге жауапкершілік те болды. Олар бізге бәрін өз бетімен түсінуге мүмкіндік берді", - дейді Серік ата-анасы туралы.
"Олар әлі де Жезқазғанда тұрады. Біз оларға көшуді ұсындық, бірақ олар көшкісі келмейді. Мен оларды түсінемін".
Серік Жезқазғанда өткен балалық шағы жайлы айтып берді. Жезқазғанда ол алғашқы достарын кездестіріп, алғашқы жеңістеріне қол жеткізді, алғашқы көз жасын төкті, алғашқы махаббаты кездестірді.
"Бақытты естеліктер көп. Әсіресе бір естелік мен үшін қымбат: Сарыарқа, 16 көшесінің артында атам екеуміз үш кішкентай бұтақ отырғыздық. Кейде ол маған: "кел, суарып кет" деп қоңырау шалатын. Ол кезде мен мұны тек атамды сыйлағаннан жасадым. Жылдар өтіп, сол бұтақтар бойы екінші қабатқа жетер үлкен ағаш болып өсті. Жыл сайын Жезқазғанға оралғанда, мен оларға қарап: өмір де осылай құрылады деп ойлаймын. Бүгін кішкене әрекет жасайсың, нәтижесі болса бірнеше жылдан кейін ғана көрінеді".
Магистратураны бітіргеннен кейін жас маман Бейжіңде жұмыс істеді, біраз уақыт Шанхайдағы Volkswagen компаниясында жұмыс істеді. Содан кейін Huawei-дің бас кеңсесіне шақыру алды.
Бірақ Серік туған қаласы туралы ұмытпайды.
"Бұрын бәрі үлкен болып көрінетін, ал қазір қарап тұрсаң бәрі керісінше кіп-кішкентай болып көрінеді және уақыт сәл тоқтайтын сияқты. Қалада көп танысым бар: біреулер өсіп өзгерсе, енді біреулері мүлдем өзгермеген. Samadi-ге барғанда әйтеуір бір танысынды көресің. Банкке барғанда - сыныптастарымның ата-анасын кездестіремін. Мен Қытай шоуына қатысқан кезде көптеген жезқазғандықтар қолдау сөздерін жазды. Сол кезде қай жерде болсаң да, сен өз қалаң мен өз елің үшін қашан да "өзіміздің баламыз" болып қала бересің.
Бұл менің бастау алған орным, ал қазір бұл ата-анамның орны. Бұл жер ата-анама жайлы, менің де жаным да тыныш".
Медеттің жетістіктерінің бірі - көлікті және бұлтты платформаны байланыстырушы антенна жүйесін дамыту болды. Бірақ басқаша ойлаған кездер де болды. Медет министр не елші болуды армандаған кездер болды.
"Қазір еске алсам күлгім келеді, бірақ ол кезде мен бұны шын жүректен қалаған едім. Бәрі өзін ойлағандай бола бермейді. Кейде жолын ойлаған жоспарынан өзгеше болады. Ең бастысы - оқуды жалғастыру, тырысу және алға қарай жүру".
Қазір Медет екі қалада тұрады. Кейде Алматыда, бірақ әдетте Шэньчжэньде көбірек тұрады. Медет ТМД елдерінің ұйымдарына Қытайдың технологиялық компанияларымен жұмыс жасау бйынша кеңес береді. Сонымен қатар, ол ұйқы мен денсаулыққа арналған ақылды сақиналарға қатысты өз жобасын жасап жатыр.
"Мен кішкентай қаланың тумасымын, деңгейім жетпейді" деп ойлауға болмайды. Бізді тұлға ретінде туған орнымыз емес, біздің ойымыз, не үйренгеңіміз және күн сайын не істейтіңіміз қалыптастырады.
Мені отбасы алдындағы, бір кездері арманы биік 9-кварталдың баласы алдындағы жауапкершілік ынталандырады".
Біз Серіктен Жезқазған студенттері мен оқушыларына қандай кеңес берер еді деп сұрағанда, ол:
"Сен де — бір кірпіш дүниеге, Кетігін тап та, бар, қалан!дегендей өзіңді өзің құрастыр. LEGO конструкторы сияқты. Мен өзіме жетіспейтін қасиеттерді кәдімгідей "қарызға алдым": біреуден - сөйлеу мәнерін, екіншісінен - ойлау стилін, үшіншісінен - өзіне деген сенімді. Мен өзімді осылайша жасап шығардым. Қытайға көшкен кезде бәрін қайтадан бастадым. Басқа мәдениет, қарқынды өмір. Бейімделуге тура келді.
Бір сәтте оянып сен енді еліктейтін бала емес ер адам екеніңді түсінесің. Еліктеу болып көрінген нәрсе нәрсе шын мәнінде өсу болды. Мен құралдарды оларды өзім қолдануды үйренгенше жинадым.
Сіз сырттан көрген кез келген жетістік - бұл адам жылд танытып жинаған білім мен дағдылардың кішкене бөліктерінің үлкен бір тауы" деп жауап қайтарды.
Медеттің пікірінше өсуге көмектесетін үш нәрсе:
Қоршаған орта мен ойлау - нені ойлайтынын, кіммен араласатынын және уақытты не нәрсеге жұмсайтынын маңызды.
Байқап көруден қорықпау керек - жолдың басында сен біреуге "күлкілі" болып көрінерсің, бірақ бұл қалыпты нәрсе. Ең бастысы - тоқтамау.
Тәртіп, себебі мотивация келеді де кетеді, ал әдеттер қалады және болашақты қалыптастырады.
"Географиялық шекаралар да, тілдік кедергілер де өшіп барады. Бірақ бақыт қашанда "басқа жерде, шетелде" бола бермейді. Ол көбінесе іштен басталады, сіз өз өзіңізге сенетін адам болған сәттен бастап", - деді Медет.
Мақала тегтері






