Instagram арнайы аккаунттарды жасөспірімдерді жағымсыз контенттен қорғау және интернеттегі қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін енгізіп отыр. Енді 18 жасқа толмаған жасөспірімдерде сырт көзден таса профильдер мен хабарлама алуға шектеулер болады.
Ата-аналар қосымшаны пайдалану уақытын бақылай алады, түнде кіруге тыйым сала алады және балаларын қызықтыратын тақырыптарды көре алады.
Жасөспірімдерге арналған аккаунттарды іске қосу алдағы 60 күнде АҚШ, Ұлыбритания, Канада және Австралияда басталады. Қазақстанда мұндай аккаунтар 2025 жылдың қаңтарынан бастап іске қосылады.
Мақала тегтері